Жаңалықтар

Коронавирустан емделіп жатқандардың саны 146 мыңнан асып кетті

2022 жылғы 23 қаңтар 16:50
Коронавирустан емделіп жатқандардың саны 146 мыңнан асып кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 23 қаңтардағы соңғы ақпарат жарияланды.

23 қаңтардағы мәлімет бойынша, 146 273 адам коронавирус инфекциясынан (–144 799+ және 1 474 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 9 747 пациент стационарда, 136 526 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында: • 361 адамның жағдайы ауыр, • 121 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 70 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.