Жаңалықтар

Коронавирустан Қазақстанда 1,9 мың адам жазылды

2022 жылғы 1 тамыз 08:31
Коронавирустан Қазақстанда 1,9 мың адам жазылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен тәулікте 1949 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат СOVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 752, Алматы қаласында - 489, Алматы облысында - 246, Жетісу облысында - 130, Абай облысында - 5, Жамбыл облысында – 37, Батыс Қазақстан облысында - 21, Қарағанды облысында - 165, Ұлытау облысында - 20, Қызылорда облысында - 32, Маңғыстау облысында - 19, Павлодар облысында - 8, Түркістан облысында - 25. Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус инфекциясына 1 352 594 адам шалдықса, соның ішінде 1 312 462 науқас сауығып шықты.