Жаңалықтар

Коронавирустан тағы 16 азамат емделіп шықты

2022 жылғы 19 сәуір 08:16
Коронавирустан тағы 16 азамат емделіп шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 16 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, сырқаттан емделгендердің 4-еуі Алматы қаласында, 2-еуі Алматы облысында, 1-еуі Шығыс Қазақстан облысында, 2-еуі Қостанай облысында тұрады. «Маңғыстау облысынан - 5, Павлодар облысынан 2 азамат сауығып шықты. Жалпы, елімізде барлығы 1 290 896 адам COVID-19-дан емделіп, қатарға қосылды», - делінген ресми мәліметте.