Жаңалықтар
-
кеше 12:26
-
27.02.2021 23:32
-
27.02.2021 22:20
-
27.02.2021 12:50
-
27.02.2021 12:14
-
27.02.2021 11:18
-
27.02.2021 09:52
-
27.02.2021 09:15
-
27.02.2021 08:39
-
27.02.2021 08:15
-
27.02.2021 08:00
-
26.02.2021 22:33
-
26.02.2021 20:27
-
26.02.2021 16:04
-
26.02.2021 15:11
-
26.02.2021 10:01
-
26.02.2021 09:50
-
26.02.2021 09:20
-
26.02.2021 08:29
-
26.02.2021 08:15
-
25.02.2021 22:08
-
25.02.2021 20:42
-
25.02.2021 18:28
Коронавирустан жазылған науқастар вакцинаны қашан салдыра алады
2021 жылғы 17 қаңтар 14:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ғалымдар COVID-19-дан сауығып шыққандарға вакцинаны қашан салдыруға болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресейдің Н.Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбургтің айтуынша, індеттен жазылып шыққан уақыт пен екпе егу арасындағы кезең шамамен екі-үш айды құрауы керек. Егер адам коронавируспен жеңіл түрде ауырып шықса, ағзада вирустың жоқтығына көз жеткізген бойда вакцина салдыра беруге болады. «Адам толық сауығып шығу керек, жазылып шыққаны зертханалық жолмен дәлелденуі қажет. Яғни норма бойынша – екі немесе үш рет жасалған ПТР-талдау нәтижелері теріс болуы шарт. Содан кейін адам физикалық тұрғыда қайта қалпына келуі керек», - деді Гинцбург.