Жаңалықтар

Коронавирустен емделіп жатқан 435 адамның жағдайы ауыр

2021 жылғы 17 маусым 08:58
Коронавирустен емделіп жатқан 435 адамның жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17 маусымдағы мәлімет бойынша 21 132 адам коронавирус инфекциясынан (19 980 КВИ+ және 1 152 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Олардың ішінде: 6 468 пациент стационарда, 14 664 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 435 адамның жағдайы ауыр, 111 пациенттің жағдайы өте ауыр, 73 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.