Жаңалықтар

Коронавирустен емделіп жатқан 441 адамның жағдайы ауыр

2021 жылғы 16 маусым 09:11
Коронавирустен емделіп жатқан 441 адамның жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 16 маусымдағы мәлімет бойынша 21 025 адам коронавирус инфекциясынан (19 895 КВИ+ және 1 130 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Олардың ішінде: 6 451 пациент стационарда, 14 574 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 441 адамның жағдайы ауыр, 103 пациенттің жағдайы өте ауыр, 63 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.