Жаңалықтар

Коронавирустық пневмонияның бір күнде 165 жағдайы тіркелді

2020 жылғы 24 қазан 09:10
Коронавирустық пневмонияның бір күнде 165 жағдайы тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның жаңадан 165 жағдайы тіркелді. Сондай-ақ 2 өлім жағдайы болды. Емделіп шықты – 52 адам. ҚазАқпарат бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

1 тамыз – 23 қазан аралығында коронавирустық пневмония барлығы 36 732 адамнан анықталды, қайтыс болды 393 науқас. Жазылып шыққандардың саны – 28 442 жетті.