Жаңалықтар

Коронавирустың таралуы: Екі өңір «қызылдан» «сары» аймаққа өтті

2021 жылғы 25 қыркүйек 09:01
Коронавирустың таралуы: Екі өңір «қызылдан» «сары» аймаққа өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кешегі мәлімет бойынша, Ақтөбе мен Қостанай облыстарын «қызыл» аймақ тұрған. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола,Қарағанды, Павлодар облыстары. «Сары» аймақта : Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.