Жаңалықтар
-
кеше 12:26
-
27.02.2021 23:32
-
27.02.2021 22:20
-
27.02.2021 12:50
-
27.02.2021 12:14
-
27.02.2021 11:18
-
27.02.2021 09:52
-
27.02.2021 09:15
-
27.02.2021 08:39
-
27.02.2021 08:15
-
27.02.2021 08:00
-
26.02.2021 22:33
-
26.02.2021 20:27
-
26.02.2021 16:04
-
26.02.2021 15:11
-
26.02.2021 10:01
-
26.02.2021 09:50
-
26.02.2021 09:20
-
26.02.2021 08:29
-
26.02.2021 08:15
-
25.02.2021 22:08
-
25.02.2021 20:42
-
25.02.2021 18:28
Қостанай облысында 5-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады
2021 жылғы 17 қаңтар 20:58

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы санитарлық-эпидемиялық ахуалдың әлсіреуіне байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына қайта көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қостанай облысында карантин режимі жиі бұзылып, індет қайта таралды. Салдарынан Қостанай облысы «қызыл аймаққа» енді. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі республикалық ведомствоаралық комиссияның ұсынымы бойынша 2021 жылғы 18 қаңтардан бастап екі апта мерзімге карантин енгізіледі. Бүгін Қостанай қаласының бас санитарлық дәрігері А.Байкенов білім мекемелеріндегі санитарлық талапты күшейту туралы жаңа қаулы қабылдады. Оған сәйкес, 5-11 сынып оқушылары қаңтардың 18-інен 31-іне дейін қашықтан оқыту режиміне ауыстырылады. Облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменованың айтуынша, 1-4 сынып оқушылары ғана бұрынғыдай кезекші сыныптарда білім алады. «Алайда балаларын қашықтан оқыту режіміне көшіргісі келген ата-аналарға еш қарсылық болмайды», - деді басқарма басшысы. Облыс орталығынан тыс жатқан қалалар мен аудандардағы мектептердің көбі қалыпты форматта білім беруде. Тек Алтынсарин, Қарасу ауданындарында 5 мектеп және Рудный қаласы мен Алтынсарин ауданында 4 балабақша қашықтан жұмыс істеуге көшірілді. ЖОО мен колледж студенттері оқуларын дәстүрлі режимде жұмыс істеуін жалғастырады.