Жаңалықтар

Қостанай облысында бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

2021 жылғы 5 мамыр 20:15
Қостанай облысында бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 2021 жылғы 27 сәуірдегі №14 қаулысының күшін жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысында 2021 жылғы 4 ақпандағы № 5 қаулыға мынадай өзгерістер енгізілетіні айтылған. Діни нысандардың (мешіт, шіркеу, собор, синагога және т. б.) қызметіне ұжымдық Құдайға құлшылық етуге және бұқаралық іс-шараларға, оның ішінде «жұма», «тарауық», «айт» намаздары мен «ауызашар», сондай-ақ Пасханы мерекелеуге салтанатты іс-шаралар өткізбей, мекемедегі қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысына тыйым сала отырып, бір адамға кемінде 4 шаршы метр орын сақтай отырып рұқсат берілді. «Мешіттер, православ шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намаз», күнделікті православиелік дұғалар және басқалар) ашық ауада өткізу маска режимін және бір адамға кемінде 4 метр есебімен әлеуметтік қашықты сақтаған кезде жүзеге асырылады. Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 14 қаулысының күші жойылды деп танылсын» - деп жазылған қаулыда.