Жаңалықтар

Қостанай облысында карантин талаптары жеңілдетілді

2021 жылғы 9 сәуір 21:55
Қостанай облысында карантин талаптары жеңілдетілді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының бас санитарлық дәрігері Ермұханбет Дәулетбаев «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» қаулыға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түзетулер қаулының екі тармағына қатысты. Жаңа жарлыққа сәйкес, қазір діни нысандардың қызметіне облыста ұжымдық қызметтер мен жаппай іс-шаралар, оның ішінде жұма намазы, тарауих, айт намазы мен ауызашар, сондай-ақ пасха кезеңіндегі салтанатты қызметтер мен іс-шаралар (мешіт, шіркеу, синагога) өткізусіз рұқсат етіледі. Сонымен қатар, оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру нысандарының жұмысына әлі тыйым салынған. Жеке және топтық жаттығуларды ашық ауада өткізуге рұқсат етілген. Өзгерістер 12 сәуірден бастап күшіне енеді.