Жаңалықтар

Қостанай облысында коронавирус жұқтырғандар саны артты

2021 жылғы 1 тамыз 17:30
Қостанай облысында коронавирус жұқтырғандар саны артты

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облыстық ақпараттық штабы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы ақпаратты жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«31 шілдеде Қостанай облысында COVID-19 жұқтырудың 252 жағдайы тіркелді, бір тәуліктегі ауру өсімі 1,2%-ды құрады», - деп хабарлады облыстық штаб. «221 адам дәрігерлерге өздері келіп жүгінген, 22-сі коронавирус жұқтырғандармен байланыста болса, 9-ы стационарға жатпас бұрын профилактикалық мақсатта тексерілген. Ауруға шалдыққандардың 224-інің – симптомы бар, 28-і – симптомсыз,- деп хабардар етті ведомство. Ең көп ауру жұқтырғандар саны Қостанайда. Мұнда 78 адам коронавирусқа шалдыққан. Рудныйда 44 адам, Арқалықта 43, Қарабалық ауданында 18, Жітіқарада 13, Қостанай ауданында 13, Лисаковта 8, Әулиекөл ауданында 8, Қарасу ауданында 7, Алтынсарин ауданында 6, Денисов ауданында 6, Б.Майлин атындағы ауданда 5, Федоров ауданында 2, Меңдіқара ауданында 1 адам коронавиурс жұқтырған. Қостанай облысы бойынша 2020 жылдың 3 сәуірінен 2021 жылдың 31 шілде аралығында COVID-19 жұқтырудың 20 752 жағдайы тіркелген. Сауығып шыққандар саны 18 665 адам. Еске сала кетйік, өткен тәулікте Қазақстанда 7 803 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Жанна Мұсабаева