Жаңалықтар
-
кеше 09:00
-
23.02.2021 21:15
-
23.02.2021 16:31
-
23.02.2021 13:08
-
23.02.2021 12:54
-
23.02.2021 12:43
-
23.02.2021 09:42
-
23.02.2021 09:09
-
23.02.2021 09:04
-
23.02.2021 09:00
-
23.02.2021 08:15
-
23.02.2021 08:00
-
22.02.2021 23:15
-
22.02.2021 22:33
Қостанай облысында мемлекеттік шекарада 4 санитарлық бекет жұмыс істеп тұр
2021 жылғы 19 қаңтар 16:55

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында карантин кезіндегі сақтық шаралары қайта күшейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қостанай облысының полиция департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, қазір өңірде 4 санитарлық бекет жұмыс істеп тұр. «Санитарлық бекеттердің барлығы Қостанай облысының мемлекеттік шекарасында орналасқан. Атап айтқанда, Ұзынкөл ауданындағы «Обаған», Қарабалық ауданындағы «Қайрақ», Жітіқара қаласындаңы «Желқуар», Майлин ауданындағы «Аят» бекеттерінің жұмысы жанданды. Санитарлық бекеттерге 10 полицей, 8 медицина қызметкері және 3 автопатруль жұмылдырылды», - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь. Кешегі мәлімет бойынша санитарлық бекеттерде 240 автокөлік тексерілген. Шекарадан өтпек болған 1 көлікке рұқсат берілген жоқ.