Жаңалықтар

Құлсарыда коронавирустан жазылған соңғы екі пациент үйіне оралды

2020 жылғы 22 қыркүйек 00:32
Құлсарыда коронавирустан жазылған соңғы екі пациент үйіне оралды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысындағы Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында коронавирустан жазылған соңғы екі пациент үйіне оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жылыой аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Нұрбек Үкібаевтың айтуынша, пандемия басталғалы бері қауіпті індетті жұқтырған 1078 адам тіркелген. Соған орай ауданда 40 төсектік инфекциялық стационар мен 60 төсекке арналған провизорлық орталық жұмыс істеген.

«Енді міне, коронавирусқа шалдыққан соңғы екі пациент сауығып шықты. Қазір ауданда қауіпті індетті жұқтырған науқастар жоқ. Соған қарамастан емдеу мекемелері қорғаныш киімдерімен қамтылып, дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры жасақталды» -деді Нұрбек Үкібаев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 6 оттегі стасасы салынып жатқанын хабарлап едік.