Жаңалықтар

КВИ-ден емделіп жатқан 396 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

2021 жылғы 29 қараша 08:51
КВИ-ден емделіп жатқан 396 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 29 қарашадағы мәлімет бойынша, 26 991 адам коронавирус инфекциясынан (–23 396+ және 3 595 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 809 пациент стационарда, 21 182 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 396 адамның жағдайы ауыр, • 119 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 75 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.