Жаңалықтар

КВИ: Емделіп жатқан 226 адамның жағдайы ауыр

2021 жылғы 6 наурыз 09:23
КВИ: Емделіп жатқан 226 адамның жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 6 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 789 адам короновирус инфекциясынан (13 318 КВИ+ және 5 471 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 455 пациент стационарда, 14 334 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 226 адамның жағдайы ауыр; • 52 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 52 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.