Жаңалықтар

Қыркүйек айында коронавирустың таралуы төмендейді – Ажар Ғиният

2022 жылғы 2 тамыз 10:15
Қыркүйек айында коронавирустың таралуы төмендейді – Ажар Ғиният

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тамыз айында коронавирус инфекциясының орташа тәуліктік көрсеткіші 4 мың жаңдайға дейін өседі. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі вирустың ерекшілігін, денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесін, аурудың таралуын ескере отырып, министрлік сарапшылармен бірге эпидемилогиялық жағдайдың болжамын жасады. Оған сәйкес, тамыз айында коронавирус инфекциясының орташа тәуліктік көрсеткіші 4 мың жағдайға дейін өседі. Ал қыркүйек айында төмендейді деп болжап отырмыз», - деді А. Ғиният. Оның айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанда халықты вакциналау әрі ревакциналау үшін екпенің үш түрі бар. Яғни QazVac, Sinopharm, Pfizer вакциналары ұсынылып отыр. «Жалпы, 1 млн 350 мыңнан астам дозасы бар. Жылдың аяғына дейін үздіксіз иммунопрофилактиканы қамтамасыз ету үшін биылдың соңына дейін 500 мыңдай QazVac вакцинациясын алу және балалар мен жүкті әйелдерге Pfizer вакцинациясының 300 мың дозасын алу жоспарланып отыр», - деді министр.