Жаңалықтар

Қытай билігі Ресеймен шекаралас қалада локдаун енгізді

2020 жылғы 22 қараша 18:55
Қытай билігі Ресеймен шекаралас қалада локдаун енгізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайда Ресейдің Забайкальск өлкесімен шектесетін Ішкі Моңғолия (ІМАА, Солтүстік-Шығыс Қытай) автономиялық ауданының Маньчжоули қаласында ішінара локдаун енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 індетінің алдын алу және бақылау жөніндегі муниципалды жедел штабтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Өткен сенбіде Маньчжоулиде жергілікті коронавирус инфекциясының екі жаңа жағдайы тіркелді. COVID-19 жұқтырғандар анықталған Маньчжоули қаласы толығымен жабылды. Қалада жаппай іс-шараларға тыйым салынды, мектептер мен балабақшалар уақытша жабылды. Маньчжоули әкімшілігі осы жексенбіден бастап қала тұрғындарын жаппай тестілеу науқанын бастайды, олардың саны 170 мыңнан асады. Тестілеу үш күн ішінде аяқталуы керек. Қытай-Ресей шекарасындағы маңызды құрлықтағы логистикалық орталық саналатын Маньчжоули қаласымен жолаушылар теміржол қатынасы уақытша тоқтатылды. Жалпы, өткен тәулікте материктік Қытайда 17 адам коронавирус жұқтырды. Оның үшеуі жергілікті, 14-і шетелден келген адам.