Жаңалықтар

Қытайда бір тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

2022 жылғы 22 сәуір 14:38
Қытайда бір тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні құрлықтық Қытайда COVID-19 жұқтырудың расталған 2 119 жағдайы тіркелді. Оның 1 931-і Шанхайдан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Шанхайдан бөлек, елдің провинциялық деңгейдегі өзге 17 әкімшілік бөлімшесінен де коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары тіркелді. Олардың 63-і Цзилинь провинциясынан (Солтүстік-Шығыс Қытай) және біреуі Бейжіңде анықталды. Бейсенбіде елдің материктік бөлігінде коронавирустың 16 383 жаңа симптомсыз тасымалдаушысы белгілі болды. Олар – жергілікті жерде жұқтырғандар, оның 15 698-і Шанхайдан анықталды. Елде осы күні 2 730 пациент сауығып шықты. Бейсенбі күнгі жағдай бойынша COVID-19 диагнозы расталған 30 813 науқас елдің құрлықтық бөлігіндегі медициналық мекемелерде ем қабылдауда. «Кеше Шанхайда коронавирустан адам 11 көз жұмды. Осылайша құрлықтық Қытайда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың жалпы саны 4 674 адамды құрады», - деп хабарлады ҚХР Денсаулық сақтау істері жөгіндегі мемлекеттік комитеті.