Жаңалықтар

Қытайдың 14 провинциясында коронавирустың өршуі тіркелді

2021 жылғы 2 тамыз 01:30
Қытайдың 14 провинциясында коронавирустың өршуі тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайдың 14 провинциясында коронавирустың өршуі тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қытайдың 10-нан астам аймағында коронавирустың өршуі тіркелді. SARS-CoV-2 коронавирусының жергілікті ошақтарының тез таралуы соңғы бірнеше күнде елдің материктегі 14 провинциясында тіркелді» делінген хабарламада. Науқастардың 25%-ы коронавирусты ел аумағында жұқтырғаны анықталды. Індет ең ушыққан эпидемиологиялық жағдай Цзянсу провинциясында тіркелді, онда COVID-19 инфекциясының 245 жағдайы анықталды.