Жаңалықтар
-
24.04.2022 12:05
-
24.04.2022 10:05
-
24.04.2022 09:17
-
24.04.2022 08:47
-
24.04.2022 08:15
-
23.04.2022 09:53
-
23.04.2022 08:55
-
23.04.2022 08:16
-
23.04.2022 08:05
-
22.04.2022 14:38
-
22.04.2022 08:08
-
21.04.2022 16:36
-
21.04.2022 09:44
-
21.04.2022 08:15
-
20.04.2022 11:26
-
20.04.2022 08:16
-
20.04.2022 07:59
-
19.04.2022 08:50
-
19.04.2022 08:16
-
19.04.2022 07:58
-
18.04.2022 19:05
-
18.04.2022 09:33
-
18.04.2022 08:08
-
17.04.2022 09:21
-
17.04.2022 08:28
-
16.04.2022 11:01
-
16.04.2022 09:44
-
16.04.2022 08:48
-
15.04.2022 09:11
-
15.04.2022 08:16
-
15.04.2022 07:58
-
14.04.2022 17:17
-
14.04.2022 14:33
-
14.04.2022 08:33
-
14.04.2022 08:00
-
14.04.2022 04:00
-
13.04.2022 09:33
-
13.04.2022 08:30
-
13.04.2022 08:01
-
13.04.2022 08:00
-
13.04.2022 02:20
-
12.04.2022 18:52
Қытайдың тағы бір мегаполисінде коронавирусқа байланысты локдаун енгізілді
2022 жылғы 16 сәуір 13:50

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 13 миллион халқы бар Сиань қаласының (Шэньси провинциясы, ҚХР) билігі сенбіден сейсенбіге дейін ішінара оқшаулау енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы жергілікті әкімшіліктің хабарламасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Терракота жауынгерлер армиясымен әлемге белгілі Сиань қаласының ішінара жабылуына ондаған коронавирус инфекциясы себеп болды. 15 сәуірдегі жағдай бойынша мегаполисте COVID-19 инфекциясының 43 жағдайы анықталды. Осы кезеңде мейрамханалар, барлар, сондай-ақ көптеген мәдени, спорттық және ойын-сауық орындары жабылады. Әлеуметтік байланыстарға қатаң шектеулер енгізілуде. Сиань тұрғындарына сирек жағдайларды қоспағанда, үйлерінен шығуға тыйым салынады. Компанияларға өз қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруға кеңес берілді. Қоғамдық көлік пен таксилер қала ішінде ғана жұмысын жалғастырады. Жергілікті билік шектеулердің іскерлік ортадағы әлеуметтік белсенділікке әсерін азайтуға уәде берді. Сиань қаласында әлемдегі ең ірі жартылай өткізгіш өндірушілердің зауыттары орналасқан. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айының соңында Сиань бір айға жуық уақытқа созылған коронавирусқа байланысты локдаун жариялаған болатын. Бұған дейін Қытайдың бірқатар мегаполистерінде коронавирустың таралуына байланысты оқшаулау енгізілгені хабарланды. Шектеулер Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы 17 миллион тұрғыны бар Шэньчжэнь мегаполисінде енгізілді.