Жаңалықтар

Қызылорда облысында 110 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

2021 жылғы 17 маусым 13:10
Қызылорда облысында 110 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы вакцина қабылдаған тұрғындар саны 110 мың адамнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста 1 ақпаннан бері коронавирусқа қарсы салынатын вакцинаның 238 350 дозасы жеткізілген. Екпе қабылдаған азаматтарға «QazVac-in», «HayatVax», «Спутник – V», «CoronaVac» вакциналары салынуда. Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін облыста 110263 адамға қатерлі індетке қарсы вакцина салынды. Олардың ішінде 45 мыңнан астамы облыс орталығының үлесіне тисе, қалғаны - аудандарда тұратын азаматтар. Өткен тәулікте өңірде 2754 тұрғын қатерлі індетке қарсы вакцина салдырды. «Айта кетерлігі, екпе қабылдаған азаматтар дәрігерлер бақылауында, денсаулық жағдайына шағымы жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан. Өңірде 106 екпе кабинеті ашылып, 37 жылжымалы көшпелі пункттің жұмысы ұйымдастырылған. Ал, облыс бойынша 19 медицина мекемесінде коронавирус инфекциясына қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Барлығы қажетті мұздатқыш жабдықтарымен, мұздату элементтерімен қамтамасыз етілген. Иммундау науқанына 130-дан астам медицина қызметкері тартылған.