Жаңалықтар
-
кеше 22:08
-
кеше 08:58
-
24.02.2021 23:53
-
24.02.2021 22:20
-
24.02.2021 20:30
-
24.02.2021 19:47
-
24.02.2021 19:26
-
24.02.2021 18:52
-
24.02.2021 16:03
-
24.02.2021 14:09
-
24.02.2021 10:07
-
24.02.2021 09:50
-
24.02.2021 09:10
-
24.02.2021 09:00
-
24.02.2021 08:15
-
24.02.2021 07:45
-
24.02.2021 04:41
-
23.02.2021 21:15
-
23.02.2021 16:31
-
23.02.2021 13:08
-
23.02.2021 12:54
-
23.02.2021 12:43
Қызылорда облысында 227 бала коронавирус жұқтырған
2021 жылғы 22 қаңтар 20:18

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында соңғы бес күнде 36 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінгі күнге дейін өңірде коронавирус инфекциясымен науқастанған 3516 адам есепке алынған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны - 227. Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 10 дерегі тіркелді. Оның 7-уі Қызылорда қаласында болса, 2-уі Шиелі және 1-уі Қармақшы ауданында тұратыны анықталды. ПТР талдауларының 7-еуі профилактикалық мақсатта, 3-еуі КВИ жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғандығы себепті алынған. «Айта кетерлігі, 2 науқаста жөтел, әлсіздік, дене температурасының жоғарылауы, бастың ауыруы секілді ауру симптомы байқалған. Ал 8 пациенттен клиникалық белгілер анықталған жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствоның хабарлауынша, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде. Еске сала кетейік, Қызылордада жыл басынан бері 100-ден астам адам коронавирус жұқтырған.