Жаңалықтар

Қызылорда облысының Сырдария ауданында блокпост қойылды ма

2021 жылғы 16 сәуір 00:56
Қызылорда облысының Сырдария ауданында блокпост қойылды ма

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Сырдария ауданында блокпост қойылған жоқ. Бұл жөнінде облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен күндері WhatsАpp әлеуметтік желісі арқылы тұрғындар арасында «Сырдария ауданында блок-бекет қойылды» деген ақпараттар таралған болатын. Сырдария ауданы 14 сәуір күні коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа енген болатын. Осыған орай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Омарованың №1 Қаулысы шықты. «Қаулыда бірқатар шектеу шаралары енгізілді. Дегенмен, Сырдария ауданында блокпостар қойылған жоқ. Ал, түрлі желілер арқылы тараған фотосуретте «Терең-өзек кен орны» деп көрсетілген. Алайда, бұл Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеуі маңындағы Тереңөзек мұнай-кен орнына қатысты. Сондықтан «Сырдария ауданында блокпост қойылды» деген ақпараттың жалған екенін хабарлаймыз», - деп жазылған облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.