Жаңалықтар

Қызылордада 14 сәуірге дейін 10684 тұрғынға вакцина жасалды

2021 жылғы 14 сәуір 13:36
Қызылордада 14 сәуірге дейін 10684 тұрғынға вакцина жасалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 14 сәуірге дейін 10684 тұрғынға 1 компонентпен вакцина жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірге коронавруске қарсы егілетін 16 100 доза «Спутник-V» вакцинасының бірінші, 15 100 доза екінші компонентті жеткізілді. Облыста барлығы 19 екпе кабинеті іске қосылған. Оның 8-і қалада, 11-і аудандарда қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, 4 жылжымалы егу бригадалары жұмыс жасайды. Иммундау шаралары жүргізіліп жатқан екпе кабинеттері тиісті температуралық режимі бар қажетті тоңазытқыш жабдығымен, термоконтейнерлермен толық қамтамасыз етілген. «Мониторинг қорытындысымен 14 сәуірге дейін 10684 тұрғынға бірінші компонентпен вакцина жасалды. Бүгінде медициналық қызметкерлер арасынлда коронавирус инфекциялары ауқымды төмендеп келеді. Оның бірден бір себебі -вакцинация. Еске сала кетейік, облыста медицина қызметкерлері коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациямен 1 ақпаннан бастап екпемен қамтылды», - деп мәлім етті облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен. Облыста коронавирус инфекциясын зерттеуге арналған 10 лаборатория бар. Оның бір күндік қуаттылығы 3420 анализді құрайды. Жыл басынан бері онда 102 601 анализ жасалды. Еске салсақ, Қызылордада карантин талабын бұзғандарға 11 млн теңге айыппұл салынды.