Жаңалықтар
-
кеше 19:05
-
кеше 18:48
-
кеше 13:05
-
кеше 09:25
-
кеше 08:54
-
13.04.2021 22:06
-
13.04.2021 21:56
-
13.04.2021 20:11
-
13.04.2021 19:46
-
13.04.2021 18:25
Қызылордада 440 адам коронавируске қарсы екінші мәрте вакцина салдырды
2021 жылғы 28 ақпан 06:23

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада коронавирус инфекциясына қарсы 440 адам екінші мәрте вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірге 1 ақпаннан бастап Ресейде өндірілген «Спутник-V» вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Алғашқы кезеңде вакцина 939 медицина қызметкеріне, қалғаны жергілікті тұрғындарға егілді. Бұл кезең 1-17 ақпан аралығында жүргізілді. Ал келесі кезеңнің басталуы үшін науқас екпе алғаннан кейін арада 21 күн өтуі қажет. Осыған орай облыста екпе егудің екінші кезеңі 22 ақпаннан басталды. «Екінші мәрте екпе салу 22 ақпаннан басталып, сол күні 90 адамға вакцина салынды. Оған 23 ақпанда 150, 24 ақпанда 75, 25 ақпанда 65 адам тартылды. Ал 26 ақпанда 60 адам сол шараның игілігін көрді», деп хабарлады Қызылорда облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінен. Естеріңізге сала кетелік, Қызылордада бұдан бұрын коронавирусқа қарсы вакцина талапқа сай сақталатыны хабарланды.