Жаңалықтар

Қызылордада 50 мыңға жуық адам коронавирус вакцинасын салдырды

2021 жылғы 4 мамыр 19:28
Қызылордада 50 мыңға жуық адам коронавирус вакцинасын салдырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 49386 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірге 71300 доза вакцина жеткізілген болатын. Оның ішінде тұрғындар «Спутник V» және «QazVac» вакциналарын қабылдауға ниет білдірді. Өткен тәулікте 5300-ден астам адам екпе қабылдаған азаматтар тізіміне енгізілді. Олардың қатарында мұғалімдер, медицина қызметкерлері, полицейлер, құқық қорғау қызметкерлері және басқа да тұрғындар саны басым. Жалпы алғанда, облыста 49386 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. «Айта кетерлігі, екпе қабылдаған азаматтардың 22117-і облыс орталығында тұрса, 26261-і аудандардың үлесіне тиеді. Екпе алған тұрғындар дәрігерлер бақылауында, денсаулық жағдайына шағымы жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан. Қызылордада емдеу орындары коронавирусқа қарсы вакцинаны аптасына жеті күн бойы салатын болды. Бұл жұмыстар 29 сәуірден бастап жүргізілуде. Тұрғындар таңғы сағат 08.00-ден түнгі сағат 00.00-ге дейін вакцина салдыра алады. Коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдыру халыққа енді кез келген уақытта қолжетімді болмақ.