Жаңалықтар
-
кеше 10:50
-
кеше 09:23
-
05.03.2021 17:10
-
05.03.2021 17:00
-
05.03.2021 16:30
-
05.03.2021 14:10
-
05.03.2021 12:34
-
05.03.2021 11:11
-
05.03.2021 10:15
-
05.03.2021 09:02
-
05.03.2021 08:15
-
05.03.2021 08:00
-
05.03.2021 05:14
-
05.03.2021 03:20
-
04.03.2021 20:00
-
04.03.2021 18:38
-
04.03.2021 15:03
-
04.03.2021 13:25
-
04.03.2021 10:45
-
04.03.2021 09:53
-
04.03.2021 09:15
-
04.03.2021 08:15
-
04.03.2021 08:01
-
04.03.2021 06:29
-
04.03.2021 03:16
Қызылордада коронавирусты негізінен орта жастағы кісілер жұқтырған
2021 жылғы 18 қаңтар 22:23

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтардың дені - орта жастағылар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазірге дейін өңірде қатерлі індетті 3488 адам жұқтырған. Оның 2,4 пайызы сырттан тасымалданғаны нақтыланды. Ал 57,7 пайызы скринингтік тексеру нәтижесінде белгілі болған. Сондай-ақ, 39,9 пайызы қарым-қатынас арқылы жұқтырған. Қатерлі індетті жұқтырғандар арасында бір айлық нәрестеден бастап 99 жас аралығындағы азаматтар бар. Оның ішінде жоғарғы көрсеткіш 20-69 жас аралығындағылар және 70-79 жас шамасындағы азаматтар арасында жиі тіркелген. - Пандемия басталғалы облыс бойынша 2150 ошақ анықталып, барлығына қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Індетке қарсы профилактикалық шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, облыста вирустық этиологиядағы пневмония ауруының 310 жағдайы тіркелді. Оның ішінде, жеті жағдай қаңтар айында анықталды. Бұған қоса, бүгінге дейін 26 оқушы COVID-19 ауруына шалдықты. Бүгінде мектептер санитарлық талаптарды қатаң сақтауда, - дейді Қызылорда облысының бас мемлекеттік санитария дәрігері Динара Жаңабергенова. Бүгінде облыста 79 жедел жәрдем бригадасы халыққа қызмет көрсетуде. Мұнан өзге 40 санитарлық автокөлік алынған. «Айта кетерлігі, жеке қорғаныш заттарының 2 айлық қоры жасақталды. Облыста 210 инфекциялық төсек орын бар. Медициналық ұйымдарға санитайзерлер орнатылды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Пазилов. Айта кетейік, Қызылорда облысында коронавирусқа шалдыққандар күн сайын тіркелуде .