Жаңалықтар
-
кеше 08:15
-
26.02.2021 22:33
-
26.02.2021 20:27
-
26.02.2021 16:04
-
26.02.2021 15:11
-
26.02.2021 10:01
-
26.02.2021 09:50
-
26.02.2021 09:20
-
26.02.2021 08:29
-
26.02.2021 08:15
-
25.02.2021 22:08
-
25.02.2021 20:42
-
25.02.2021 18:28
-
25.02.2021 10:36
-
25.02.2021 10:10
-
25.02.2021 09:48
-
25.02.2021 09:43
-
25.02.2021 08:58
-
25.02.2021 08:34
-
25.02.2021 08:15
-
25.02.2021 08:00
-
25.02.2021 06:10
Қызылордада науқастардың басым бөлігі КВИ-ді қарым-қатынас арқылы жұқтырған
2021 жылғы 19 қаңтар 13:46

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын қарым-қатынас арқылы жұқтырған науқастардың саны артып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Соңғы тәулікте өңірде 5 адамның қатерлі індетке шалдыққаны анықталды. Олардың барлығы - Қызылорда қаласының тұрғындары. «Науқастардың төртеуі қарым-қатынас арқылы жұқтырған. Біреуі соматикалық ауруы бойынша профилактикалық тексеру кезінде анықталып отыр», -деп мәлім етті Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі. Жыл басынан бері Қызылорда облысында 101 адам қатерлі дертке шалдыққан. Олардың 54-і қарым-қатынас арқылы жұқтырса, ол 36 адамда скринингтік тексеру нәтижесінде нақтыланды. Сондай-ақ, 11 жағдайда еліміздің өзге өңірлерінен келген азаматтар арқылы сырттан тасымалданғаны белгілі болды. Айта кетерлігі, Қызылордада коронавирусты негізінен орта жастағы кісілер жұқтырған. Алаңдатарлығы, Қызылордада карантин талабын бұзып, той жасайтындар азаймай отыр.