Жаңалықтар
-
01.03.2021 21:45
-
01.03.2021 21:01
-
01.03.2021 20:53
-
01.03.2021 20:48
-
01.03.2021 20:18
-
01.03.2021 19:28
-
01.03.2021 19:00
-
01.03.2021 14:57
-
01.03.2021 10:14
-
01.03.2021 10:06
-
01.03.2021 09:38
Қызылордада соңғы тәулікте төрт оқушы коронавирус жұқтырды
2021 жылғы 20 қаңтар 13:34

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында соңғы тәулікте төрт оқушы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазір облыста қатерлі дертке шалдыққан 3500 адам есепке алынған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны - 227. Соңғы тәулікте 7 адамнан коронавирус анықталды. Оның 6-уы Қызылорда қаласында тұратын болса, 1-уі Жалағаш ауданынан анықталған. Олардың 4-уі мектеп оқушысы болып отыр. «ПТР талдаулары 5 пациенттен коронавирус жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуы себепті алынса, 2 науқастан профилактикалық мақсатта алынған. Бір науқаста коронавирус инфекциясының клиникалық белгілері байқалса, қалған пациенттерде коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі анықталды», - деді Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынған. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде. Айта кетейік, Қызылордада науқастардың басым бөлігі КВИ-ді қарым-қатынас арқылы жұқтырған.