Жаңалықтар

Қызылордада жалған «вакцинация паспортын» жасағандар ұсталды

2021 жылғы 3 тамыз 00:26
Қызылордада жалған «вакцинация паспортын» жасағандар ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық полицейлер коронавирусқа қарсы вакцина алғандығы жөнінде ақпараттық жүйеге жалған мәлімет енгізген азаматтарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған бағытта облыстық полиция департаменті жедел профилактикалық іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде жалған ПЦР анықтама мен төлқұжат дайындаған 4 дерек тіркелген. «Бүгінде бұл істер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда, Қызылорда қаласы емханасының бірінде медбике қызметін атқаратын адам жалған «вакцинация паспортын» жасағаны белгілі болды. Атап айтқанда, Қызылорда қаласы емханасының бірінде медбике қызметін атқаратын адам жалған «вакцинация паспортын» жасағаны белгілі болды. Сондай-ақ, ПЦР тест дайындаған азаматтар ұсталып, оған қатысты тергеу амалдары басталды», - деді облыстық ПД анықтау басқармасының бастығы Нұрсұлтан Әлтай. Оның айтуынша, «Ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізгені үшін ҚР ҚК-нің 206-бабымен және жалған құжатты дайындау, өткізу, пайдаланғаны үшін ҚР ҚК-нің 385-бабымен қылмыстық жауапкершіліктер көзделген. Яғни ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша ең ауыр жаза төрт жылға дейінгі және ҚР ҚК-нің 206-бабы бойынша ең ауыр жаза үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Айта кетсек, соңғы күндерде Қызылордада коронавирус жұқтыру жағдайы күрделене түсті.