Жаңалықтар
-
кеше 22:08
-
кеше 08:58
-
24.02.2021 23:53
-
24.02.2021 22:20
-
24.02.2021 20:30
-
24.02.2021 19:47
-
24.02.2021 19:26
-
24.02.2021 18:52
-
24.02.2021 16:03
-
24.02.2021 14:09
-
24.02.2021 10:07
-
24.02.2021 09:50
-
24.02.2021 09:10
-
24.02.2021 09:00
-
24.02.2021 08:15
-
24.02.2021 07:45
-
24.02.2021 04:41
-
23.02.2021 21:15
-
23.02.2021 16:31
-
23.02.2021 13:08
-
23.02.2021 12:54
Қызылордада жыл басынан бері 114 адам коронавирус жұқтырған
2021 жылғы 21 қаңтар 19:38

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері 114 адам коронавирус жұқтырған. Оның басым бөлігі Қызылорда қаласында тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, облыста жыл басынан бері тіркелген 114 науқастың 90-ы Қызылорда қаласында тұрады. Сондай-ақ, Жаңақорғанда - 13, Қармақшыда - 4, Жалағаш пен Шиеліде - 3, Сырдарияда - 1 адам қатерлі індетке шалдықты. «Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 дерегі Қызылорда қаласында тіркелді. Айта кетерлігі, 4 науқастан жөтел, әлсіздік, дене температурасының жоғарылауы, дененің ауырсынуы секілді ауру симптомы байқалған. Ал 2 адамнан аурудың клиникалық белгісі анықталған жоқ. Тұрғындардан барлық сақтық шараларына назар аударуын сұраймыз», - дейді Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі. Қазір өңірде коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны - 3 506. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, індеттен айыққан науқастар саны 3408 адамға жетті. Соңғы тәулікте 7 науқас емделіп шықты. Бүгінде инфекциялық стационарда - 27, ал стационардың реанимация бөлімінде 3 науқас ем алып жатыр. Естеріңізге сала кетелік, Қызылорда облысында 134 дәріге шекті баға енгізілді.