Жаңалықтар

Маңғыстауда ашық және жабық базарлардың жұмысына рұқсат берілді

2021 жылғы 6 мамыр 20:28
Маңғыстауда ашық және жабық базарлардың жұмысына рұқсат берілді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты кәсіпкерлік объектілерінің жұмысына салынған кей шектеулер алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қаулыға сәйкес, азық-түлік және азық-түлік сатпайтын жабық базарлардың күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Сондай-ақ, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік және азық-түлік сатпайтын ашық базарлар ашылады. Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, СОО, сауда үйлерінің, сауда желілері, санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, фитнес орталықтары мен йога орталықтарының қызметі жанады. Бұдан басқа, Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ғазиз Надуев мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, бизнес-орталықтар және басқа да кеңсе қызметкерлерінің 50 пайызын қашықтан жұмыс істеу режиміне және 50 пайызын күндізгі жұмыс режиміне ауыстыруды қамтамасыз етуге қаулы етті. Бұған дейін қызметкерлердің 80 пайызы «қашықтықтан жұмыс істеуге» жіберілген болатын. Құжат 9 мамыр сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.