Жаңалықтар
-
кеше 08:15
-
26.02.2021 22:33
-
26.02.2021 20:27
-
26.02.2021 16:04
-
26.02.2021 15:11
-
26.02.2021 10:01
-
26.02.2021 09:50
-
26.02.2021 09:20
-
26.02.2021 08:29
-
26.02.2021 08:15
-
25.02.2021 22:08
-
25.02.2021 20:42
-
25.02.2021 18:28
-
25.02.2021 10:36
-
25.02.2021 10:10
-
25.02.2021 09:48
-
25.02.2021 09:43
-
25.02.2021 08:58
-
25.02.2021 08:34
-
25.02.2021 08:15
-
25.02.2021 08:00
-
25.02.2021 06:10
Маңғыстауда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артты
2021 жылғы 19 қаңтар 14:37

МАҢҒЫСТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда жаңа жылдан соң коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуевтың мәліметінше, жаңа жылдан бері қауіпті вирус жұқтырған 177 адам анықталған. «Маңғыстау облысында 1 қаңтардан бастап осы уақытқа дейін 18 күн ішінде 177 жағдай тіркелді. Мұның барлығы жаңа жылда жасырын корпоротивтік шаралар, той-садақа өткізудің себебінен туындаған. Қазан, қараша айында инфекция жұқтырған 2-3 адам тіркелсе, соңғы 3 күнде аурудың тіркелуі 17,18-ге дейін көтеріліп жатыр. Облыс бойынша ең үлкен көрсеткіш Ақтау қаласы, екінші Түпқараған ауданы, үшінші Мұнайлы ауданы болып тұр»,-деді Ғазиз Надуев.