Жаңалықтар

Масканы дұрыс тағудың 10 ережесі

2020 жылғы 24 қазан 12:57
Масканы дұрыс тағудың 10 ережесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық масканы дұрыс тағу бойынша кеңестерін берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Масканы дұрыс тағудың 10 ережесі: 1. Масканы тақпас бұрын, қолыңызды спирт, антисептикпен сүртіңіз немесе сабынмен жуыңыз; 2. Масканың металды қысқышын немесе қалың жерің жоғары қаратып тағыңыз; 3. Әдетте, масканың сыртқы жағы қанық түсті болады. Боялмаған бетін ішке қаратып тағыңыз; 4. Масканың металды қысқышын мұрынның формасына ыңғайлаңыз; 5. Маска мұрын, ауыз, иекті жауып тұруы тиіс; 6. Масканы мұрын мен ауызды толық жауып тұратындай, бет пен масканың арасы ашық қалмайтындай етіп тағыңыз; 7. Масканы қолмен ұстамаңыз. Ұстайтын болсаңыз, қолыңызды тазалап сүртіңіз немесе жуыңыз; 8. Маскаңыз сулана бастаса, дереу ауыстырыңыз; 9. Бірреттік масканы қайта тақпаңыз; 10. Масканы құлақ артындағы резеңкесінен (масканың алдынғы бөлігін ұстамай) ұстап шешіңіз және бірден қоқысқа лақтырыңыз. Кейін қолыңызды сүртіңіз.