Жаңалықтар

Матрица: Алматы облысы «қызыл», Қызылорда облысы «жасыл» аймаққа өтті

2021 жылғы 21 қазан 08:30
Матрица: Алматы облысы «қызыл», Қызылорда облысы «жасыл» аймаққа өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 21 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары. Айта кетейік, кеше Алматы мен Қызылорда облыстары «сары» аймақта тұрған болатын.