Жаңалықтар

Матрица: «Сары» аймақта 3 өңір, «қызыл» аймақта 1 қала тұр

2021 жылғы 19 маусым 08:58
Матрица: «Сары» аймақта 3 өңір, «қызыл» аймақта 1 қала тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 19 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған сәйкес: «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы. ⠀ «Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.⠀ «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.