Жаңалықтар

Мерзімі өткен ПТР анықтамамен ұшып келген жолаушы депортацияланды

2020 жылғы 28 қараша 11:10
Мерзімі өткен ПТР анықтамамен ұшып келген жолаушы депортацияланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР-анықтамасымен келген шетел азаматы депортацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

27 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Египет, БАӘ, ҚХР, Грузия, Ресей Федерациясы, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді. 2 578 әуе жолаушысының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 311 адам, анықтамасыз 267 адам келді. Оның бәрі - ҚР азаматтары. Оның ішінде: - Алматы қаласының әуежайына - 10 рейс, 1 604 жолаушы, анықтамамен - 1438, анықтамасыз - 166. - Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 7 рейс, 617 жолаушы, анықтамамен - 578, анықтамасыз - 39; - Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 228 жолаушы, анықтамамен - 169, анықтамасыз - 59; - Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, 97 жолаушы, анықтамамен - 94, анықтамасыз - 3; - Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 32 жолаушы анықтамамен келді. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген шетел азаматы COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.