Жаңалықтар

Министр Жаңа жыл мерекесін отбасы мүшелерімен ғана атап өтуге кеңес берді

2020 жылғы 27 қараша 18:20
Министр Жаңа жыл мерекесін отбасы мүшелерімен ғана атап өтуге кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Жаңа жыл мерекесінде көп болып жиналмай, отбасы мүшелерімен ғана атап өтуге кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа жыл кешін отбасымен қарсы алып, белсенді демалыста өткізген жөн. Ашық ауада серуендеген де пайдалы. Әйтсе де ауқымды шаралардан бас тарта тұруға кеңес береміз. Отбасының ортасында мерекені тойлаған жөн. Көппен қарым-қатынаста болу, қандай да бір шараларға баруды тоқтата тұрған дұрыс», - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Еске сала кетсек, Алексей Цой «Қазақстанда желтоқсан немесе қаңтар айларында қатаң карантин шаралары енгізілуі мүмкін бе» деген сұраққа жауап берген болатын.