Жаңалықтар

Мұхтар Тілеуберді Түркия Елшісімен екіжақты серіктестік мәселелерін талқылады

2021 жылғы 25 қаңтар 20:08
Мұхтар Тілеуберді Түркия Елшісімен екіжақты серіктестік мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркияның Қазақстандағы Елшісі Уфук Экиджиді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары туралы пікір алмасып, COVID-19 инфекциясымен күрестегі табысты өзара іс-қимылды қанағаттанушылықпен атап өтті. Тараптар көпжақты форматтағы серіктестіктің өзекті мәселелерін және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту жолдарын қарастырды», - делінген ҚР СІМ ақпаратында.