Жаңалықтар

Мысырдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

2021 жылғы 27 ақпан 12:50
Мысырдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

НҰР-СҰЛТАН. қазАқпарат - 26 ақпанда Қазақстан аумағына Латвия, Қытай, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Армения, Грузия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, бір тәулікте елімізге барлығы 3 633 жолаушы ұшып келді. Оның 3 294-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 339-ы ПТР-анықтамасыз келген, барлығы да Қазақстан азаматтары. Атап айтқанда: - Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2 270 жолаушы, анықтамамен - 2 052, анықтамасыз - 218; - Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 260 жолаушы, анықтамамен - 1 139; анықтамасыз - 121; - Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 87 жолаушы анықтамамен келген; - Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 16 жолаушы анықтамамен келген. Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. Сондай-ақ мәлім етілгендей, 25 ақпанда шетелден анықтамасыз келген Қазақстанның 496 азаматының коронавирусқа тест нәтижелері дайын болған. Оған сәйкес, «Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан» рейсіндегі 1 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.