Жаңалықтар

Нью-Йорктегі қазақ полицейі «Әлем қаһарманы» атанды

2020 жылғы 23 мамыр 23:10
Нью-Йорктегі қазақ полицейі «Әлем қаһарманы» атанды

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Қазақстан тумасы, Нью-Йорк қаласының полицейі Димаш Ниязов Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) атынан «Hero of the World award» («Әлем қаһарманы») марапатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүкіләлемдік бокс кеңесінен «Әлем қаһарманы« марапатын алдым. WBC-ге осындай марапаты үшін рахмет және мені қаһарман санағандарға рахмет. Мен аянбай еңбек етіп, жастарға және мені бақылап отыратындар үшін үлгі болуды жалғастыра беремін. Бұл марапат мен үшін қымбат», - деп жазды Димаш Ниязов Instagram парақшасына.

Бұл марапат COVID-19 пандемиясы кезінде белсенді жұмыс істеген тұрғындарға беріледі.

Димаш Ниязов - Қазақстан тумасы, Нью-Йорк полицейі. Ол 13 жасында АҚШ-қа көшіп кеткен. Нью-Йорк қаласының полиция департаментінде жұмыс істейді, Бруклин ауданында патрульдік етеді.

Еске сала кетсек, ол 2017 жылдың басында үздік полиция қызметшісі болғаны үшін марапатталған. Сондай-ақ, кәсіпқой боксшы.