Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласы әлі «қызыл» аймақта тұр

2021 жылғы 18 маусым 09:07
Нұр-Сұлтан қаласы әлі «қызыл» аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы. «Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.