Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда ПТР тестілеу көлемін арттыруға меценаттар көмектесіп жатыр

2020 жылғы 7 шілде 17:04
Нұр-Сұлтанда ПТР тестілеу көлемін арттыруға меценаттар көмектесіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда ПТР тестілеу жүргізу көлемі артады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жедел тестілеуге өте көп шағым түсетін сәттер де болды. Қазір біздің медициналық қызметкерлер қосымша оқудан өтті. Қосымша зертханалар тартылды. Егер карантин басында бір ғана зертхана жұмыс істесе, қазір олардың санын 8-ге жеткіздік. Сонымен бірге, бізге меценаттар да көмектесіп жатыр. Карантин басында тәулігіне 300 тест ғана жүргізілсе, қазір бір тәулікте 5 мың тест жасалады және бұл көлемді арттыру жұмыстары жалғасады», - деді қала әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 61 адам қайтыс болды.

Сонымен бірге, елорда ауруханаларына 200 өкпе желдету аппараты мен 500 флоуметрге тапсырыс берілді.