Жаңалықтар

Өңірлер КВИ-ге қарсы вакцинамен толық қамтылған

2021 жылғы 28 қыркүйек 09:46
Өңірлер КВИ-ге қарсы вакцинамен толық қамтылған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңірлер коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның жеткілікті көлемімен қамтылған. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықты вакцинациялау жалғасып жатыр. Бүгінде 1-компонентпен 7,5 млн-нан астам адам екпе алып, халықтың вакцинациялануы тиіс санының 75,8 пайызын құрады. 2-компонентпен 6,4 млн-нан астам адам қамтылды. Бұл екпе алуы қажет халықтың 64,7 пайызына тең», - деді министр. Оның атап өтуінше, өңірлер вакцинаның жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген. «Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Вакцинация әлі де коронавирус инфекциясының алдын алу іс-шараларының жалғыз іс-шарасы болып отыр», - деді Алексей Цой.