Жаңалықтар

Өңірлерде иммунопрофилактика бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет – министр

2021 жылғы 1 наурыз 10:22
Өңірлерде иммунопрофилактика бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет – министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңірлер иммунопрофилактика бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет.

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, Е-gov mobile «Вакцинация» және «Цифрлық құжаттар» қызметіндегі коронавирусқа қарсы вакцинация паспорты арқылы егілгендердің есебін жүргізу және иммундық жағдайды бақылау жоспарлануда. Бұл вакцинация көлемін және аурудың болжамын жоспарлауға көмектеседі. Вакцинацияның қолда бар нәтижелерін ескере отырып, осы жылдың екінші жартыжылдығына дейін эпидемиологиялық жағдайға болжам жасалды. «Бүкіл әлем вакцинация ғана қалыпты өмірге карантинсіз оралуға мүмкіндік беретінін түсінді. Осыған байланысты өңірлер иммунопрофилактика бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет», - деді Алексей Цой. Министр оптимистік және шынайы болжамға сәйкес жаппай маска режимі, сондай-ақ әлеуметтік арақашықтық сақтау нәтижесінде елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталатындығын және қатаң карантиндік шектеуге вакцина ғана балама болатынын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакциналау Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылғы 1 ақпанда басталды.