Жаңалықтар

Өңірлерде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақты дегенмен келісуге болмайды – Ералы Тоғжанов

2021 жылғы 19 қаңтар 09:50
Өңірлерде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақты дегенмен келісуге болмайды – Ералы Тоғжанов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қатысты өңірлердегі жағдай тұрақты дегенмен келісуге болмайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус инфекциясы таралуының өсуі бүгінде барлық өңірде тіркеліп отыр. Сонықтан, жаңа Атырау облысының әкімі айтқандай, өңірлердегі жағдай тұрақты деген сөзге келісуге болмайды. Әсіресе, бұл Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарына тікелей байланысты», - деді ол. Сол себепті Үкімет басшысының орынбасары өңірлердегі эпиедмиологиялық жағдайға қарай карантиндік шектеу шараларын күшейту қажет деп санайтындығын баса айтты. «Біріншіден, «қызыл» аймаққа кірген өңірлер әкімдеріне Денсаулық сақтау министрлігімен бірге қосымша карантиндік шараларды қатаңдатуды, екіншіден, «сары» аймақтағы өңірлер эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік шектеулерді үшейту бойынша нақты ұсыныстар енгізуді және оған дайықты пысықтауды, үшіншіден, барлық өңірлер инфекцияны жұқтырған және олармен байланыста болған адамдарды оқшаулау шаралардың тиімділін арттыруды қолға алуы керек», - деді Ералы Тоғжанов.