Жаңалықтар
-
кеше 13:56
-
21.01.2021 22:38
-
21.01.2021 21:22
-
21.01.2021 19:38
-
21.01.2021 15:22
-
21.01.2021 12:15
-
21.01.2021 10:31
-
21.01.2021 09:20
-
21.01.2021 09:18
-
21.01.2021 09:10
-
21.01.2021 08:31
-
21.01.2021 08:15
-
21.01.2021 08:06
-
21.01.2021 08:00
-
21.01.2021 03:19
-
21.01.2021 02:21
-
20.01.2021 22:28
-
20.01.2021 22:14
-
20.01.2021 22:02
-
20.01.2021 21:01
-
20.01.2021 19:18
-
20.01.2021 18:21
-
20.01.2021 18:02
Өңірлерге 100 медициналық кешен жеткізіледі - Ажар Ғиният
2020 жылғы 21 қазан 17:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23 қазанға дейін өңірлерге 100 медициналық кешен жеткізіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Уақытылы диагноз қою үшін аудандық ауруханалар 53 рентген аппаратымен толық жабдықталды. 23 қазанға дейін өңірлерге 100 медициналық кешен жеткізіледі. Оның ішінде қазіргі таңда 25 жылжымалы медициналық кешен өңірлерге жеткізіліп отыр. Олардың ішіне зертханалық, рентген аппараттары орнатылған, терапевт, гинеколог сынды кадрлары бар. Бүкіл ауыл-аймақты аралап, медициналық көмек көрсететін болады», - деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Оның атап өтуінше, барлық аймақтағы ауруханаларды өкпені жасанды желдету аппаратымен қамту жұмыстары жүргізілуде. Қазір елімізде мұндай аппараттардың саны 4 мыңнан асты. Барлық аурухана қамтамасыз етілді. «Қазақстан зауыттарында 376 жедел жәрдем көліктері құрастырылып, оның 220-сы өңірлерге жіберілді. Қалған 156-сы алдағы уақытта жеткізіледі. Бүгінгі күні халықты дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамту министрліктің бақылауында. Былтыр амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету 45 ауру бойынша қамтылса, биыл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында 105 ауруға дәрілік заттар тегін беріліп жатыр», - деді ол.