Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда вакциналанған туристерден карантин талаптары алынбақ

2021 жылғы 10 маусым 20:00
Оңтүстік Кореяда вакциналанған туристерден карантин талаптары алынбақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея билігі аймақтан вакциналанған туристер үшін карантин талаптарын алып тастамақ, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Қазіргі таңда Сингапур және Тайвань сияқты елдермен өзара топтық туристік сапарлар туралы келіссөздер жүргізілуде. Аталмыш мемлекеттер эпидемиологиялық ахуалы тұрақты елдердің қатарына кіреді. Үкіметтің мұндай әрекеті пандемиядан зардап шеккен әуе тасымалы мен туризм индустриясын қайта жандандыруға бағытталған. Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы табысты күрес жүргізіліп жатқан Таиландпен, Гуаммен, содай-ақ, Сайпанмен келіссөздерді жүргізу басталады деп жоспарлануда. АҚШ COVID-19-ға қарсы күресте үлкен меценаттық қадам жасамақ. Ақ үй әкімшілігі әлемге қайырымдылық жасау үшін Pfizer екпесінің 500 миллион дозасын сатып алатындығын мәлімдеді. Бұл – аз қамтылған елдерді коронавирустық инфекцияға қарсы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жөніндегі вакцинацияның ғаламдық жоспарының бір бөлігі Бұл вирустың таралуын тежеп, миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалуға мүміндік береді. Пекин елде 800 миллионнан астам адамның коронавирусқа қарсы егілгендігін хабарлады. Иммундау Қытайдың 31 провинциясында жүргізіліп жатыр. Қытайда тұрғындардың басымдық берілген топтарын вакцинациялау 2020 жылдың 15 желтоқсанында басталған. 1 маусымға дейін 1,4 миллиардтан астам тұрғынның 681,9 миллионы вакцинациялаудан өткен. Соңғы мәліметтер бойынша 808,962 миллион адам екпе салдырған.