Жаңалықтар

Өскеменде коронавирусқа қарсы 26 вакциналау пункті жұмыс істеп тұр

2021 жылғы 14 сәуір 01:19
Өскеменде коронавирусқа қарсы 26 вакциналау пункті жұмыс істеп тұр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында коронавирусқа қарсы вакцина салатын пункттер саны артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда шаһар бойынша 26 вакцинация пункті жұмыс істейді. Аталған пункттерде жұртшылыққа жұқпалы дертке қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасы салынуда. «Вакцинация пункттерінің мекенжайлары: №1 емхана (Әуезов даңғылы, 18), №1 емхана (Потанин к-сі, 4), №2 қалалық емхана (Буров к-сі, 61, Островский к-сі, 42, Бажова к-сі, 343/3, Дружба к-сі, 1/1), «Денсаулық» дәрігерлік амбулаториясы (Буров көшесі, 53), №1 Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы (М. Горький көшесі, 11а - Меновное ауылы), Жаңа Ахмер көшесі, 5, Садовая көшесі, 15, Ахмер ауылы, Қойшыбаев көшесі, Самсоновка ауылы (фельдшерлік-акушерлік пункт), Сол жағалаудағы емхана (Қ. Сәтпаев даңғылы, 34/1), Өтепов көшесі, 1/1 (емшара бөлмесі), Б.Шаяхметов атындағы медициналық орталық (Согринская көшесі, 223/8), «Авиценна» отбасылық денсаулық орталығы (Белинский к-сі, 36), № 3 ОДО (Белинский көшесі, 36), «ВИТА-1» ЖШС (Шәкәрім даңғылы, 156), №7 ОДО Грузинская көшесі, 3, 1-ғимарат), ОДО МСБ-2 (Серікбаев к-сі, 1/3), Амбулаториялық-емханалық орталық (Абай даңғылы, 18), Ана мен бала орталығы (Өтепов к-сі, 37, Қазыбек би даңғылы, 11, Потанин к-сі, 8), Защита теміржол ауруханасы (Тынышпаев к-сі, 133)», - делінген ақпаратта. Бұдан бөлек, алдағы уақытта қала бойынша қосымша вакцинация пункттерін кәсіпорындар мен сауда орталықтарында ашу жоспарланған.